Мексикада шахтада жарылыс болды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Мексиканың солтүстігіндегі Коауила штатындағы көмір шахтасында күшті жарылыс болды. Оқиға салдарынан төрт кенші қаза тапса, тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.

Жарылыс сейсенбі күні таңертең болған және жарылыс дауысы бірнеше шақырым жерден естілген. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ел президенті Фелипе Кальдерон қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жарылыс себебін анықтауды тапсырды.