Мексикада собордың шатыры құлап, 20 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сан-Хуан-Баутиста-Тукстепек қаласында собор шатыры құлап, салдарынан 20 адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости Оахака штаты үкіметіне сілтеме жасап.

Билік деректеріне сәйкес оқиға орнында құтқарушылар бригадасы мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Соборда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын, ғимараттың ішінде жұмыскерлер зардап шекті.

Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.
Фото: © Flickr/ Tobias