Оқиға Мичоакан штатының Уруапан қаласында болды. Құтқару қызметінің мәліметіне сүйенсек, апат автобус тежегішінің істен шығуынан болған. Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, қоғамдық көлік бірнеше мәрте аударылып, он метр биіктіктен төмен қарай құлдилады. Жол-көлік оқиғасы болған орынға дәрігерлер мен құтқару қызметкерлері жетті, деп жазады 24.kz.