Мексикада студенттер жоғалған қаланың мэрі қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың тәртіп сақшылары қыркүйек айында 43 студент жоғалып кеткен Игуала қаласының қашып кеткен мэрін тауып, қамауға алды.

Хосе Луис Абарка мен оның жұбайын федералдық полиция қызметкерлері елдің астанасы Мехикода ұстады, деп хабарлады құқық қорғау органдарының өкілі. Билік Абарканы шерулер кезінде оның полицияға студенттерді ұстауды бұйырғаны үшін айыптайды.

Оқиға куәгерлері жас азаматтарды полицияның көліктерге итермелеп кіргізгенін көргендерін айтты , деп хабарлайды шетелдік БАҚ.