Қаруланған топ қала мэрінің үйін қоршап, оның көшеге шығуын талап еткен. Баэн бұдан бас тартқан кезде қылмыскерлер есікті бұзып, ішке баса-көктей кірген. Қарақшылар шенеунікпен бірге оның үш оққағарын өлтірді.
«Новый альянс» партиясы атынан қала мэрі болып сайланған Сантана Баэн бұл лауазымда 31 желтоқсан күні жұмысқа кірісуі тиіс еді.