Мексикада толассыз жауған нөсер салдарынан мыңдаған адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың оңтүстігіндегі Тамаулипас штатында толассыз жауған нөсер салдарынан болған селден 17 мың жанұя зардап шекті, деп хабарлады ТАСС.

Тамаулипастың кейбір аудандарына бірнеше сағатта 200 мм-ден астам жауын-шашын түскен. Әсіресе, Мадера, Тампико және Альтамира муниципалитеттерінде жағдай өте ауыр.

«Біз зардап шеккен аудандарды аралап, Табиғи апат салдарын жою қорының ресурстарына рұқсат алу үшін келген шығынды есептеп, төтенше жағдай жариялаудамыз», - деп мәлімдеді өңір губернаторы Франсиско Гарсиа Кабеса де Вака.

Табиғи апат құрбандары туралы әзірге еш ақпарат жоқ.