17:29, 07 Сәуір 2009
Мексикада төрт жол-көлік апатында 15 адам қаза болды
МӘСКЕУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Мексикада төрт ірі жол апатында 15 адам қаза болып, 36-сы жараланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Утро.ру» агенттігіне сілтеме жасап.Чьяпас штатында жолаушылар автобусы 50 метрлік биіктіктен шыңырауға құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаның себептері қолайсыз ауа райының салдарынан болған. Сондай-ақ күрежолда жүк машинасы аударылып, автобус пен трейлер соқтығысты. Нуэво-Леон штатында тағы екі жүк машинасы соқтығысып қалды.