АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Мексика билігінің хабарлауынша, соңғы төрт жылда бандиттік қақтығыстарда 1200 түрлі мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде қалалардың 34 мэрі өлтірілген. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Осыған орай Мексиканың Муниципалитеттер федерациясының президенті Сергио Арредондо Ольвера бұл мәселе бойынша елдің бұдан бұрынғы президенті Фелипе Кальдерон есірткі мафиясына қарсы бастаған соғысты айыптап отыр.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2007 жылдан бері елде жалпы 70 мыңнан астам адамның өмірі қиылған көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.