Циклон бірнеше сағаттан кейін америка шекарасына жетіп, Техас штатының оңтүстігіне төнеді. Қатты нөсер жауын сел тасқыны мен лай көшкінін туғызуы ықтимал. Мамандардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі таулы аудандардың тұрғындарына көбірек қатер төндіріп отыр.
«Эрмин» биылғы маусымда Атлантикада қалыптасқан сегізінші тропикалық дауыл болып табылады.