Экспозиция Орталық және Солтүстік Американың жағалауларындағы теңіз қарақшылары мен кеме тарихына арналмақ. Канкундегі әйгілі су асты мұражайы тәрізді, Museo de arqueologia subacuatica да теңіз түбінде болады. Сноркелинг жабдықтарымен жабдықталып келушілер ескі корабльдердің қалдықтарын, суға батып кеткен қару-жарақтар мен Мексика жағалауларында болған басқа да шабуылдардың дәлеліндей болып қалған жәдігерлерді тамашалай алады. Интерактивті экскурсия аясында туристер сондай-ақ сол кездердегі теңіз шабуылдарын жүргізуден, артиллериялық снарядтар мен отарлық саясат кезеңінде Еуропа мен Американың арасында кеме қатынасы қалай жүзеге асырылғанынан хабардар бола алады, деп хабарлайды Buenolatina.
Экспонаттарды бірнеше жылдар бойы зерттеуші ғалымдар осы мұражай үшін арнайы жинаған.