АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика президенті Энрике Пенья қаралы күн жариялады, деп хабарлайды ТАСС мемлекет басшысы әкімшілігіне сілтеме жасап.
«Президент Энрике Пенья Ньето жер сілкінісі құрбандарына байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Мексика сіздердің қайғыларыңызға ортақ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, сейсенбі күні Мексикада ірі жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, құрбан болғандар саны 248 адамға жеткен.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.