Мексикада зауыттағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 32 адамға дейін артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Веракрус штатында мұнай химиялық зауыттағы жарылыс салдарынан құрбандап саны 32 адамға артты, деп хабарланды компания мәлімдемесінде.

Бұдан бұрын қаза тапқандар саны 27 екені айтылған.

«Апаттан көз жұмғандардың саны 32-ге жетті. Қазір 26 адамның мүрдесі танылып, туыстарына қайтарылды. 32-нің алтауы әзірге кім екені анықталмады. Сонымен қатар алты отбасы зауыт қызметкерлерінің қайда екенін анықтай алмай отыр», - деп атап өтіледі мәлімдемеді.

20 сәуірде Веракрус штатында Коатсакоалькос қаласында зауытта қуатты жарылыс орын алды. Pemex компаниясы әңгіме иелерінің бірі Pemex болып табылатын Petroquimica Mexicana de Vinilo фирмасының кәсіпорны жайында екенін хабарлады.