Мексикада жаңа штат пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада жаңа - 32-штат пайда болды, деп хабарлады www.24.kz.

Тиісті заңға президент Энрике Пенья Ньето қол қойған. Бұған дейін федералдық аймақ мәртебесіне ие болған ел астанасы Мехико енді штат деп жарияланып отыр. Бұдан былай шаһар өзінің жеке конституциясын қабылдап, орталық биліктен қаржылай тәуелсіз болмақ. Соған қарамастан қала мемлекет астанасы мәртебесін сақтап қалады.

Жалпы, Мексикада бұл реформаға дайындық ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келген. Осы ретте тіпті конституцияға да өзгертулер енгізіліпті.