Мексикада жанартау атқылап жатыр
04:19, 27 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Колима жанартауы оянды. Қазір одан көкке шапшыған күл 2 жарым шақырым биіктікке дейін көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Жергілікті билік әзірге эвакуация туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда жақын маңдағы тұрғындарға ескерту жасап, қауіпсіздік шарасы ретінде уақытша орталықтар ашылды.
Жалпы, Мексикада 300-ге жуық жанартау бар. Колима соның ішіндегі ең белсендісі саналады.