Мексикада жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың тынықмұхит жағалауында магнитудасы 6,6 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Зілзала ошағы жер астында 10 километр тереңдікте болды. Бұл елдің Халиско штатының батысындағы Томатлан қаласынан 250 шақырым жер.

Жер сілкінісің ошағы туристерге танымал Пуэрто-Вальярта қаласынан 267 км жерде болды.

Жергілікті баспасөзге қарасақ, бір мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілген. Ал, апаттың салдарынан келген шығын мен оның зардаптары туралы дерек әзірге жарияланбаған.