«Ең көп қаза болғандар Мехикода - 117 адам. Морелоста - 72, Пуэблда - 43, Эдомекста - 12 және Геррерода үш адам қаза болды», - деп мәлім етті Twitter-де елдің ұлттық-апаттық құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнте.
Бұған дейін көз жұмған 139 адам туралы хабарланған болатын.
ABC News телеарнасы Мексика астанасындағы жерасты дүмпулерінің салдары көрсетілген видеоларды жариялады.