Мексикада жерлеу рәсімі кезінде жасалған шабуылдан 10-нан астам адам қаза тапты
10:27, 28 Ақпан 2022
МЕХИКО. ҚазАқпарат - Жексенбіде Мексиканың батысындағы Мичоакан штатындағы жерлеу рәсіміне қатысушыларға қарулы шабуыл жасалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Сан-Хосе-де-Грасия аймағында белгісіз қылмыскерлердің құрбандары саны 10-нан 17 адамға дейін жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Noticias MVS радиостанциясына сілтеме жасап.
Радиостанцияның хабарлауынша, қырғын болған Маркос Кастелланос муниципалитетінде «Жалисконың жаңа ұрпағы», «Жаңа Мичоакан отбасы» және «Темпляр рыцарлары» есірткі картельдерінің қарулы топтары бар. Билік қырғынға қатысы болуы мүмкін күдіктілерді іздестіруде.
Бұдан бұрын MILENIO газеті Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, Мексиканың бірнеше аймағында биліктің қылмыспен күресу әрекеттері нәтиже бермегенін жазған еді.
Агенттіктің бағалауы бойынша 2021 жылдың 13 тамызынан 2022 жылдың 16 ақпанына дейін кісі өлтіру деңгейі Сакатекас штатында 10%-ға, Мичокан штатында 9%-ға және Мексика штатында 5%-ға өсті.