Осыған дейін Герреро штатындағы наразылық акциясынан кейін 43 студенттің із-түзсіз жоғалып, алтауы қаза болғаны жайлы хабарланған болатын.
Студенттер, өздерінің пікірінше, мұғалімдерді жұмысқа әділетсіз қабылдау тәртібіне қарсы бас көтерген. Полиция сол кезде оған қатысушыларға қарсы оқ ашқан болатын. Сенбі күні қала маңынан жаппай жерленген мәйіттер табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сарапшылар сол жерден шығарылған мәйіттердің жоғалған студенттерге қатысы бар-жоғын анықтауға тырысып жатыр.