Жергілікті тұрғындар мен мигранттарды алып бара жатқан автобус Оахака мен Пуэбла штаттары арасындағы шекараға жақын тас жолда тіркеме жүк көлігімен соқтығысқан, делінген Оахака прокуратурасының мәлімдемесінде.
Апаттан кем дегенде сегіз ер адам мен сегіз әйел мерт болды, олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Пуэбла штатының ауруханаларына жеткізілді.
Апаттың себебі әлі белгісіз. Прокурорлар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптамалық тергеу жүргізетінін айтты.
Оахака губернаторы Саломон Хара Крус әлеуметтік желіде (Twitter) тиісті органдарға «зардап шеккендерге ынтымақтастық және қолдау көрсетуді» тапсырғанын жазды.
«Біз қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға барынша қолдау көрсетеміз», - деп жазды ол.