Бұл үшін Cabify тасымал компаниясы мен туристік қызметтер ұсынатын мекеме келісімге келіп, тікұшақ-такси қызметін ұсынған. Әзірге олар Мехикодағы әуежай мен қала орталығында ғана жолаушылар тасиды. Әр тікұшаққа 5 адам отырады. Бірақ бір жолаушы өзімен бірге 10 келіден артық жүк алып жүре алмайды. Ал қызмет құны 95 доллар.
Тікұшақ такси қызметін ұсынушылардың айтуынша, бұл қолжетімді баға. Өйткені 20 миллион тұрғыны бар шаһарда кептелісте қаңтарылмай, осы қызметті тұтына алатын қалталы азаматтар жетерлік.
«Тікұшақ таксилерінің қызметі Латын Америкасында алғаш рет жолаушыларға өз қызметін ұсынып отыр. Қолайлылығы жағынан АҚШ, Еуропадағы осындай қызмет түрлерімен салыстырғанда ешқандай кем түспейді», - дейді Cabify компаниясының менеджері Рикардо Ведер.