Қайғылы оқиға сенбі күні кешқұрым Этчохоа қаласында цирктің қойылымы кезінде орын алды. Криспин екі жолбарыспен бірге аренада болған. Бір кезде жануарлардың бірі бақылаудан шығып кетіп, әртіске тап беріп, талап тастаған.
Жолбарыс әлі тірі болған марқұмды бірнеше минут бойы талап, табан астында алған. Цирктің қызметкерлері жануарды қуып жібермек болғанымен, бұдан еш нәтиже шықпады. Криспин ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық көмек көрсету кезінде жантәсілім етті.
Жолбарыстың әрі қарай тағдыры жайлы әзірге белгісіз.