Мексикада жүк көлігінен 14 адамның бөлшектенген мәйіттері табылған

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Мексика полициясы Тамаулипас штатындағы Сьюдад-Мант қаласы мэриясының алдындағы автотұрақтағы жүк көлігінен 14 адамның мәйітін тапқан.

Ел билігінің ақпаратына қарағанда, жүк көлігінде қылмысты есірткіге қатысты ұйымдасқан топтың істегені жайлы айтылған хат болған. Бұл туралы «Интерфакс-Казахстан» хабарлады.

Куәлардың айтуынша, жұмыс уақыты әбден қызып тұрған шақта белгісіз біреу жүк көлігін әкімшілік ғимаратының алдына айдап әкелген де, сол жерде қалдырып, өзі жасырынып қалған.

Еуразия бірінші арнасы