Ведомство мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.
— Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытуға және қауіпті жерлерге бармауға кеңес береміз, - делінген ҚР СІМ ақпаратында.
Еске салайық, жексенбі күні Мексиканың батысындағы кейбір аудандарда әскери операция кезінде қақтығыстар болды. Мексика әскері Халиско Жаңа ұрпақ картельінің жетекшісі, Эль-Менчо деген атпен белгілі Немесио Осегуера Сервантесті өлтірді.