Мексиканың батысындағы Мичоакан штатының Уруапан қаласында автомобиль базарында жексенбі күні бір топ белгісіз адам сатушыларға оқ жаудырған. Кем дегенде бес адам оққа ұшты.
Қылмыскерлер оқиға орнынан ізін суытқан. Әзірге оларды ұстаудың амалы табылмай тұр. Билік оқыс оқиғаны тексеруге кірісті.
Кей деректерге қарағанда, осы шабуылдың артында өңірдегі қылмыстық топтардың бірі тұрған болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, осыдан жиырма күндей бұрын Мексиканың дәл осы Мичоакан штатында қаскөйлер полицияға шабуыл жасап, кем дегенде 14-ін өлтіріп кеткен болатын.