12:24, 27 Сәуір 2009
Мексикадағы құс тұмауы ошағына байланысты Қазақстан мемлекеттік шекарада індетке қарсы шараларды күшейтуде
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат – Мексика мен Америка Құрама Штаттарының аумағында өкпе қабынуы түрінде байқалатын тұмауға ұқсас аурудың 854 оқиғасы тіркеліп, олардың 7 пайызы адам өлімімен аяқталып отыр.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, А типіндегі (Н1N1) бұл тұмау вирусы «шошқа тұмауы» деп аталып отыр. Қалыптасып отырған жайсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Мемлекеттік шекарадағы ахуалды мониторингілеу және індетке қарсы іс-шараларды күшейту жөніндегі қаулысы қабылданды. ҚазАқпаратқа бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланып отыр. Шошқа тұмауына қарсы зерттеулер жүргізу үшін республикалық санэпидемстансаның референс-зертханасы әзірлікке келтірілді. Мемлекеттік шекарадағы орындарда - халықаралық әуежайларда, теміржол және автокөлік өткелдерде шетелдерден келетіндерді санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.