Археологтар тобының жетекшісі Такеши Иноматаның пікірінше, олардың тапқан олжасы Месоамерика тарихына жаңаша қарауға мәжбүр етеді.
Ежелгі Себаль қаласынан олар майя өркениетіне дейінгі ғимараттар тобын анықтады. Олардың арасында баспалдақты пирамида, сондай-ақ жоралғылар өткізетін биіктігі 1 метр және ұзындығы 55 метрлік тұғыр бар. Археологтар бұл пирамида біздің жыл санауымызға дейінгі 850 жылы, ал тұғыр біздің заманымызға дейінгі мың жыл бұрын салынған деген уәж келтіреді.