Бұл туралы муниципалитет басшысы Тультепек Армандо Португес Фуэнтес мәлім етті, деп хабарлады ТАСС агенттігі. Оның айтуынша, материалдық шығын 35 млн песодан асады ($1,7 млн астам).
«Саудагерлер жұмыссыз қалды, жергілікті тұрғындардың басым бөлігінің күнкөрісі де Сан-Паблито базарымен байланысты еді», - деді Фуэнтес баспасөз мәслихатында. Базарда Тультепекте өндірілген пиротехникаларды сататын 300-ге жуық дүңгіршек пен павильондар болған.
Апат 32 адамның өмірін жалмады, ондаған адам зардап шекті.