«Дора» дауылы қазір сағатына 26 шақырым жылдамдықпен Мексика жағалауын бойлай солтүстік-батысқа қарай жылжуда. «Дора» дауылы осы маусымдағы Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде соққан екінші қатты дауыл болуы мүмкін.
Шілде айының басында Мексиканың шығыс жағалауында «Арлин» тропикалық теңіз дауылы көтерілген еді. Желмен келген су тасқыны мен селден 11 адам көз жұмып, елдің 250 мыңға жуық тұрғыны баспанасыз қалған болатын.