Мексикалық банда полиция тікұшағын атып түсірді, тірі қалғандар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы бандалар тобы Мичоакан штатындағы полиция операциясына қатысқан құқық қорғаушылар мінген тікұшақты атып түсірді.

Ұшқыш пен борттағы үш жолаушы қаза тапты. Бұл туралы штат губернаторы Сильвано Ауреолес Twitter-де жазды, деп хабарлады РИА Новости.

Ауреолестің айтуынша, тәртіп сақшылары криминалды топтардың басшыларын ұстау операциясына қатысқан.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ.