Мексикалық футболшы өзін ойыннан шығарған төрешіні баспен ұрып өлтірді
10:20, 08 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Тулансинго қаласында әуесқой командалар арасында өткен матчта футболшы Рубен Ривера Васкес 59 жастағы төреші Виктор Трехоны өлтірді, деп хабарлайды Lenta.ru.
Матч жексенбі күні, 6 қарашада өткен. Төрешіден қызыл карта алған Васкес ашу үстінде басымен ұрып жіберген. Алынған соққыдан төреші ойын алаңында көз жұмды, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Спортшы оқиға орнынан қашып кетті, оны полиция қызметкерлері іздестіруде. Осыған ұқсас жағдай 2014 жылы маусым айында болған еді. Американың Ливония қаласында Мичиган бірлескен футбол лигасының матчында футболшы Бассель Саад өзін алаңнан шығарғалы тұрған арбитр Джон Беневичке қол көтерген. Екі күн өткен соң рефери жергілікті ауруханада қайтыс болды, ал Саад абақтыға қамалды.