Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар мексикалық ару конкурстың ақтық кезеңінде әлемнің 82 елінен келген сұлулардан озып кетті. 2009 жылғы «Әлем аруы» венесуэлалық Стефания Фернандес Наварреттеге алтын тәжді табыс етті.
09:17, 25 Тамыз 2010
Мексикалық Химена Наварретте «Әлем аруы» атанды
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - 22 жастағы мексикалық сұлу Химена Наварретте биылғы «Әлем аруы» атанды. Бұл шешімді осымен 59-шы рет өтіп отырған сұлулық байқауының қазылар алқасы мәлім етті. Конкурс сейсенбі күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында аяқталды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.