Мексикалық саябақта селфиге салық салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық саябақта селфиге салық салынды. Мексикадағы Тулум саябағына қыдырып келушілерден суретке түскендері үшін төлеуді талап етуде.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, келушілер енді 3,3 долларға саябаққа кіру үшін билет алып қана қоймай, фотокамерасы бар әр гаджет үшін 2,5 доллар төлеуі тиіс.

Жергілікті гид өкілдерінің айтуынша, селфиге салық төлеу туристер арасында наразылық тудырған.

Тулум ұлттық саябағы атақты Канкун курортына жақын жерде орналасқан. Оған жыл сайын 2 миллонға жуық турист келеді.