Мексикандық әйел тоғыз баланы дүниеге әкелмек

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Мексикандық Карла Ванесса Перес бірден тоғыз балаға жүкті болды, деп хабарлады "Вести.Ru".

Рекордтық көрсеткіштегі сәбилер - алты қыз және үш ұл мамыр айында дүние есігін ашпақ. Болашақ көп балалы ана АҚШ-пен шектесетін мексикандық қалалардың бірінде ай-күні жетуін күтіп жаыр.

Оның айтуынша, бірден тоғыз сәбиді көтеруге экстракорпоральдық ұрықтандыру көмектескен. Ол бұрын бедеуліктен емделген көрінеді.

Алайда кейбір дәрігерлердің айтуынша, Карла Перес кәдімгі алаяқ. Ол өзінің екіқабаттығы туралы әңгіме таратып, жұртшылықтың назарын өзіне аудармақшы. Әйелді қараған дәрігерлердің бірі Пересті ультрадыбыстық тексеруден өткізген, зерттеу нәтижелері оның екіқабат емес екендігін көрсетті, деп мәлімдеді ол мексикандық Televisa арнасында сөйлеген сөзінде. Жергілікті өкімет орындары қазір кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін тексеруде.

Қайткенде де Карла Перестің көпбалалы ана атануы үшін балаларды тірілей тууы тиіс. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, соңғы рет бірден тоғыз баланы Австралия тұрғыны Джеральдин Бродрик 1971 жылы тапқан. Алайда бес ұл мен төрт қыздың бірде-біреуі тірі қалмаған. Екеуі өлі туған, қалғандары дүниеге келгеннен кейін алты күннен соң шетінеп кеткен.