Мексиканың оңтүстік-батысында микроавтобус апатқа ұшырап, 15 адам мерт болды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың оңтүстік-батысындағы Юкатан штатында микроавтобус жүк көлігімен соқтығысып, 15 адам мерт болды, деп жазады Анадолы.

Мексикалық БАҚ-тың хабарлауынша, құрылыс компаниясының жұмысшылары алып бара жатқан микроавтобус Мерида-Кампече трассасының 127-ші километрінде алдында келе жатқан көлікпен соқтығысып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, сол сәтте жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 15 адам оқиға орнында мерт болды, үш адам жарақат алды.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті, оларға автобус ішіне қысылып қалған және зардап шеккендерді шығару үшін ұзақ уақыт еңбектенуге тура келді.

Оқиға бойынша тергеу басталды.

Осыған дейін АҚШ-та болған жол апатында Қытайдың үш азаматы қаза тапқаны туралы жаздық.