Мексиканың солтүстігінде құмды дауыл соқты

АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа штатына құмды дауыл соғып, салдарынан жергілікті әуежай мен орталық тас жол уақытша жабылды, деп хабарлады штаттың азаматтық қорғаныс қызметі Facebook парақшасында, деп жазды РБК.

Фото: РБК

Қауіп туралы ескерту 19 сәуір күні алдын ала жарияланған, ал дауыл кейінірек штаттың 10-нан астам муниципалитетін қамтыды.

Негізгі салдары:

  • La Razón мексикалық басылымының хабарлауынша, көріну деңгейі нашарлағандықтан, билік Панамерикалық тас жолды — штаттағы басты магистральдердің бірін уақытша жабуға мәжбүр болды.

  • La República перуандық газеті атап өткендей, әуежай қызметі де бұзылып, бірнеше тұрғын үйге зиян келді.

Бұған дейін хабарланғандай, Трамп Мексика мен Канаданың автоөндірушілеріне баж салығын тоқтатты.