«Головкин бір әдіспен бокстасады, ол айлакер емес. Ол бұл жолы да бірінші жекпе-жектегі әдісіне басады. Жылдам «Канело» оған оңай бейімделе алады. Головкин қарсыласына оңай қысым жасай алады, бірақ «Канело» қарсы шабуылда мықты. Геннадийдің «Канелодан» бір ғана басымдығы - оның дене күшінде», - дейді Маркес ESPN телеарнасының A Los Golpes бағдарламасында.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді.