жабылып қалған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып, РИА «Новости» хабарлайды.
Мичоакан мен басқа шаттардың арасында жолаушылар тасымалдайтын он шақты автобус компанияларының басшылары жолдағы бұзақылық саябырсығанша жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Олардың мәліметтеріне сенсек, соңғы 5 күннің ішінде 30-дан астам автобуы бұзақыларды шабуылына ұшыраған.
Бұл бассыздыққа полиция әзірше тосқауыл қоя алмай отыр. Куәгерлердің айтуынша, автобусқа шабуыл жасайтындар жергілікті мектептердің оқушылары болуы мүмкін. Олар жолда келе жатқан автобусты алдап тоқтатып, жолаушыларын тонап қана қоймай, көлікті таспен, ағашпен ұрып, қиратып кететін көрінеді.