"Бұл 18 жанұяда жалпы алғанда 54 кәмелет жасқа толмаған бала болды", - деді Чиапастағы Гватемаланың бас консулы Эктор Сипак. Оның сөзіне қарағанда, олар аптасына алты күн 10 сағаттан кофе дәндерін іріктеп жұмыс істеген. Кофенің әр келісі үшін оларға 1,5 песо ($0,09) ғана төлеп, дұрыс тамақ бермеген.
Билік өкілдері балалар еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін плантация иелеріне айыппұл салды. Осыдан кейін барлық отбасылар Гватемалаға оралды.
Көфе өндіретін 12 мексикандық штаттың ішінде Чиапас алдыңғы қатарларда. Ұлттық көші-қон институтының ақпаратынша, аймаққа ауыл шаруашылығындағы жұмыстарда істеу үшін жыл сайын 75 мың гватемалалық барады.