«18 қыркүйек күні «103» пультіне Мәскеу, 23 мекенжайында орналасқан №14 орта мектептен шұғылдығы 3-санатты шақырту (жедел жәрдемнің жеткен уақыты – 29 минут) түсті. Пациент стационарға алдын ала хабарландыру арқылы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды және медициналық алғашқы көмек толық көлемде көрсетілді. Ауруханаға түскен кезде барлық мамандар қарады», – деп атап өтеді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Оқушы қазіргі уақытта нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алып жатыр.
«Жалпы жағдайы ауырлықтың орташа деңгейінде, жақсару динамикасы бар. Бас сүйек-ми жарақаты хаттамасы бойынша ем алып жатыр. Қазіргі уақытта жедел емдеуді қажет етпейді», – деді басқармадан.
Бұған дейін Астанада оқушы мектеп баспалдағының екінші қабат деңгейінен құлап кеткенін жазған болатынбыз. Әлеуметтік желідегі пабликтерде бала шет елде шұғыл емді қажет ететіні жазылған еді.