«Бүгін еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Мектеп түлектері өмірінің маңызды сәті ретінде бітіру кешін ұйымдастыруы мүмкін. Оны өткізу түлектер мен олардың ата-анасының еркінде. Алайда аталған шараны өткізудің бірқатар ережесі бар екенін ұмытпаған жөн. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруда арнайы агенттіктерді тартып, студия жалдауға ақша жинауға тыйым салынған», - деді Еділ Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша педагогтер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілді.
«Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамту мақсатында олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарда болуына заңмен тыйым салынады. Ата-аналары балаларымен бірге болып, қадағалау қажет. Балалардың қауіпсіздігіне ата-ана да, құзырлы органдар да барлығымыз жауаптымыз», - дейді министрдің орынбасары.