«Мектеп бітірушілер кеші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің қорытындысы шығарылды

None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Мектеп бітірушілер кештерін өткізудің қарсаңында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 14-18 маусымы аралығында республика аумағында «Мектеп бітірушілер кеші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер қылмыстарын ескерту және алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау.

Операцияны өткізуге полиция қызметкерлері, білім беру, прокуратура органдарының, Нұр Отан ХДП, ата-аналар комитетінің өкілдері жұмылдырылды.

Іс-шара өткізген 5 күнде кәмелетке толмаған алкогольдік ішімдік ішкен 400 бала, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз интернет-кафеде және компьютерлік клубтарда болған 1,7 мың жасөспірім және қадағалаусыз 1,6 мың бала анықталды.

Әкімшілік жауапкершілікке 2326 ересек адамдар тартылды, оның ішінде балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған үшін - 856, кәмелетке толмағандарды әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға тартқан үшін - 22, алкогольдік мас күйге жеткізгені үшін - 58, түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда - 144, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуды анықтауда - 401 дерек белгілі болды.

Операция барысында 1279 кәмелетке толмаған және 1304 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды.

Жалпы, осы жедел-профилактикалық іс-шараның өткізуі кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етті. 120 мыңнан астам оқу орындарының түлектері қатысқан мектеп бітірушілер кештерін өткізу аясында бірде бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мектеп бітірушілер кештерін өткізілетін жерлерде 12,5 мыңнан астам полицияның қызметкерлері жұмылдырылды.