Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген.
Сол арқылы еңбекақы төлеу қорынан қаражат жымқырудың тұрақты қылмыстық схемаларын ашты:
- қызметкерлерге жалақы оның лауазымына қарағанда әлдеқайда көп аударылған;
- жалақы білім мекемелерінде ресми түрде тіркелмеген адамдарға берілген;
- қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлем құжатында басқа тұлғаның деректері көрсетілген;
- бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет қайталаған;
- «өлі жандарға» - туыстары мен жақындарына ақша аударған.
Бухгалтерлер мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері, ұлттық білім беру базасы және «Қазынашылық-клиент» жүйесі арасында интеграция жоқтығын пайдаланған.
Олар төлем құжаттарына қолмен түзету енгізіп, бюджет ақшасын жымқырған.
Жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде жымқырылатын қаражат белгіленген.
Айта кету керек, жымқыру бойынша бұрын ашылған схемалар шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді бүгінде басқа құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін Антикор Түркістан облысының екі ауданында білім саласында бір жылда 3,7 млрд теңге жымқырылғанын хабарлаған еді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында білім бөлімінің бастығы сыбайластарымен бірге сотталды.