Мектеп директоры психологты жұмысқа қабылдау үшін пара алған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында орта мектеп директоры пара алу күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО Теректі ауданы білім бөлімі Подстепный орта мектебінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мектепке әлеуметтік педагог-психолог ретінде жұмысқа алу үшін 300 мың теңге пара алған», - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Кінәсін мойындауына байланысты күдікті мен оның адвокаты сотқа дейінгі жедел тергеу жүргізу туралы өтінімхат жіберген.

«Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды», - деп хабарлады агенттік.