«Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО Теректі ауданы білім бөлімі Подстепный орта мектебінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мектепке әлеуметтік педагог-психолог ретінде жұмысқа алу үшін 300 мың теңге пара алған», - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.
Кінәсін мойындауына байланысты күдікті мен оның адвокаты сотқа дейінгі жедел тергеу жүргізу туралы өтінімхат жіберген.
«Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды», - деп хабарлады агенттік.