Мектеп формасына қандай талап қойылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда оқушылары үшін мектеп формасы 30 мың теңгеге шығады. Қалалық білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір мектеп формасынөздері сапалы етіп тігіп, жеткізетін отандық кәсіпорындар бар. Мектепформасының жиынтығы 20 мың теңгенің айналасына шығады. Оған аяқ киім бағасынқосқанда бір оқушының мектеп формасы 30 мың теңгеден келеді», - деген басқармабасшысы ата-аналарды белгілі бір кәсіпорынның тіккен формасын алуға ешкіммәжбүрлемейтінін ескертті.

«Форманың бастыталаптарына келсек, түсі қою көк түсті матадан классикалық үлгіде тігілгенболуы керек. Ұлдардан пиджак, кеудеше, шалбар және ақ жейде кию талап етіледі.Шалбардың балағы тобықтан жоғары болмауы керек. Ал қыздардан пиджак, кеудеше,юбка, шалбар және классикалық жейде кию талап етіледі. Юбканың ұзындығы тізеден5 см жоғары болмауы тиіс. Осы талаптар сақталса болғаны. Оны ата-ана базардансатып ала ма, біреуге тіккізе ме, өз мәселесі. Бастысы, осы аталған талаптарғасай келсе болды», - деді Әнуар Жанғозин.

Соңғы жаңалықтар