Жоғары сынып оқушылары қалалардағы саябақтарды көгалдандырумен айналысуда, Кенжекөл, Мойылды және Павлодарлық ауылдардың аумақтарын абаттандыруда. Мектеп және лицей оқушыларынан құрылған жасақ Ақтоғай, Успен және Железин аудандарында жұмыс істеуде.
«Нұр Отан» ХДП-ның көмегімен аймақ кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында балалар үшін 1981 уақытша жұмыс орны ұйымдастырылады.
Еңбек жасақтарында 2005 жылдан бері еңбек және қоғамдық-саяси мектептен облыстағы мектеп, лицей және колледждердің 17 мыңнан астам оқушысы өтті.