Мектеп оқушылары жазғы демалыста қайдан жұмыс таба алады

Фото: AI Generated Image (DALL·E, OpenAI)

АСТАНА. KAZINFORM – 20 мамырдан бастап «Электрондық еңбек биржасы» порталында жазғы уақытта жұмыс істегісі келетін 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім жұмыс істей бастады.

- Бұл бөлім оқушылар мен студенттерге жазғы демалысты тиімді өткізіп қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға және еңбек дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Айта кетейік, оқушылар Сенат қызметімен танысып, депутаттарға сұрақ қойды.