АСТАНА. KAZINFORM – 20 мамырдан бастап «Электрондық еңбек биржасы» порталында жазғы уақытта жұмыс істегісі келетін 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім жұмыс істей бастады.
- Бұл бөлім оқушылар мен студенттерге жазғы демалысты тиімді өткізіп қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға және еңбек дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Айта кетейік, оқушылар Сенат қызметімен танысып, депутаттарға сұрақ қойды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.