деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерзімді басылымдарда, телевидение, радио және интернет сайтта жарық көрге материалдар мен фотосуреттерге жарияланған бұл байқау 2009 жылғы қыркүйектің 1-і мен 2010 жылғы наурыздыың 31-і аралығында өтті. Оны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО кафедрасы мен «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматы конфедерациясы бірлесіп ұйымдастырды. Байқауға республиканың 13 аймағынан 250-ге жуық шығарма келіп түскен болатын. Олар ЮНЕСКО кафедрасының сайтында unesco-kaznu.ucoz.kz орналастырылды. Сондай-ақ барлық оқушыларға үкіметтік ұйымдардың қолдауымен жергілікті білім басқармасынан немесе Балалар құқын қорғау департаментінен сертификаттар табысталды.