АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирек кездесетін алтын әшекей бұйым Нортамберленд ағылшын графтығында археологиялық қазбалар кезінде табылды. Бұл туралы сейсенбі күні The Daily Telegraph газеті жазды. Ұлыбритания аумағынан табылған ежелгі металды затты Алстон қаласының бастауыш мектебінің еріктілер ретінде ежелгі төбедегі қазба жұмыстарына қатысқан төрт оқушысы тапқан.
Ұзындығы 33 мм алтын артефакт шаш жинауға арналған қыстырғыш ретінде пайдаланылған. Алдын әшекейге 4 мың жыл болған, ол энеолит кезеңінде жасалған болуы мүмкін.
Ел көлемінде барлығы осындай 10 әшекей бұйым табылған. Осы жолы табылған зат сараптамаға жіберіледі.